Қазақ тілінің жаңа белесі

   Елбасымыз  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»  мақаласының мән-мазмұны уақыт өткен сайын арта бермек. Себебі, мақаланы қоғам қазақ елінің рухани дамуы мен жаңаруының тұғырнамасы ретінде қабылдады. Анығын айтсақ, ұлттық санамыз бен рухани өремізді оятатын ұлт болып ұйысуға, ел болып белді бекем бууға, ұлттық намысты ту етуге бастайтын қадам болды. Мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу туралы ой   қазақ  елін   жаңа   өзгерістер    белесіне     бастап,   қоғамның үлкен қызығушылығын туғызды.

 

Ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын нақты қадамдардың алдыңғы қатарына латын жазуына көшу мәселесі қойылып, нақты міндеттердің белгіленуі ұлттық санамызды сілкіндіру, жаңғырту мақсатынан туып отырғаны белгілі.

      Бүкіл саналы ғұмырын қазақ тілінің дамуы мен өркендеуіне арнаған  Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрселердің ең қуаттысы – тіл. Сөзі  жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,  - деп жан айқайын айтып кеткен болатын. Тіліміздің жүріп өткен жолына қарасақ, бірнеше өзгеріспен осы күнге жеткенін байқаймыз. ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры десек, әлемдік ғаламтор кімнің қолында болса, сол өз дегенін жүргізуге мүмкіндігі бар. Ғаламторда үстемдік етуші – латын графикасы болып тұр. Білім, ғылым және өндіріс саласында латын әліпбиін қолдауын бізге өзіндік жеңілдіктерін береді. Сондықтан латынға көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді. Қазіргі зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын негізгі жол деп есептейді.

                Осы орайда Пенжім орта мектебінің кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ  тілінің   жаңа      белесі»     атты аудандық  семинар болып  өтті.

       Аудандық   білім  бөлімінің   маманы Гүлнәр  Боранбаеваның  басшылығымен ұйымдастырылған бұл шараны Пенжім орта мектебінің  кітапхана меңгерушісі Әсел Жарасқызы жүргізіп отырды. Сонымен қатар, Талдықорған Зияткерлік мектебінің көшбасшылығымен жұмыс жасап жатқан ауданымыздағы  апробациялық мектептердің бірі – Х.Хамраев мектебінің кітапханашысы     Мұхтаржанова Бахаргүлдің  көрсетуімен ойындар арқылы балаларды кітап    оқуға  қызықтыру тәсілдері  мен кітапханамен жұмыс жүргізу түрлерін, кітапханашыларға көптеген кеңестері берілді.

                Семинар барысында қазақ тілінің осы күнге дейінгі жүріп өткен тарихы мен қатар болашақтағы латын әліпбиіне көшудегі жетістіктері мен жеңілдіктерін толық түсіндіріп өтті. Мектеп оқушыларының ән-би шашулары, арнайы танымдық ойындар ойнатылды.

                Сондай-ақ іс-шара барысында сандық технология дамыған заманда оқырмандарға сапалы қызмет көрсету, жаңа технологияларды кітапхана жұмысында пайдаланып, баланы кітап оқуға қызықтырып, үгіттейтін жобалар, ұсыныстар туралы айтылды.

  Семинар соңында кітапханашылар мектеп басшылығы мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

  А.Қалышова,

   Ы.Алтынсарин  атындағы

    орта   мектептің   кітапханашысы.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net