Орбұлаққа ода

Тарихқа  таңба   салған   Орбұлағым,

Басыңа  бүгін  міне – қонды   бағың:

Елдіктің   ерлігінен  сыр  шертесің –

Тоқсан тарау толғамға толды да  әнің!

 

Қуаныш   сүйсіндірсін   ұзағынан,

Тойдың   да   қызуымен қызады маң.

... Керменің  жібін  үзіп кетердей - ақ –

Тұлпардың   тозаң   ұшар  тұяғынан...

 

Жұмаққа  жеткізердей  бір  келелі,

Құлаққа  күміс   күмбір   үн   келеді...

Ақсүйек   аталардың   рухы  болар –

Көңілді   көлдей   етер  күй   кемері.

 

Сезіліп ұлдан -  қайрат, қыздан - қылық,

Жаркенттің   жазирасын  думан қылып,

Биігін   бұлтқа  бермес   Жалаулыдай,

Ерлігі   бабалардың   тұр  жаңғырып!...

                                Құдайберді Құсайын,

Қазақстан   Журналистері

Одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net