Ақынын құрметтеген ел озады

 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: рухани   жаңғыру» атты  мақаласының  аясында «Балдырған»  балабақшасында «Рухани  жаңғыру» - бала тәрбиесінің   жаңа   бастауы»  атты аудандық семинар   болып өтті. Семинардың өткізілу мақсаты:        Мемлекет  басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе,  туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын.

 

Яғни, «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын-туысы, туған жері,  тұратын көшесі, тау-тасы, өзен-көлі, туған  ауылы арқылы бойына сіңіру мақсатында  «Мен де бала болғанмын...» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына «Ауданның құрметті  азаматы», бірнеше кітаптың авторы,  ардақты ұстаз, өскен ауылына, туған жеріне еңбегі сіңген  Қазақстан Жазушылар  және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығының лауреаты, «Тәуелсіздік»  және «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері Әдепхан Төреханұлы Жақыбай қатысты. Ақын әрі ұстаз өз шығармашылығына тоқталды.                Тәрбие сағаты барысында ақынның жеткен жетістіктері сараланды, бүлдіршіндер жырдан шашу шашып, автордың өлеңдерін жатқа оқыды. Жас балалар ақынға сұрақтар қойып, оған жауаптар алды. Әдепхан Төреханұлы балалар қауымымен  емен-жарқын әңгімелесіп, еңбектенген жылдарын еске алып, көз алдына көркейген Қазақстан елінің тыныс-тіршілігіне ризашылығын білдірді.  Тәрбие сағатына қатысқан балабақша меңгерушісі Анар Бүрлібаева  ақынға  алғысын  айтып,  шығармашылық  табыс  тіледі.                                                          

                              Г.Қойбасова, 

                             «Балдырған»    балабақшасының 

                            тәрбиешісі,

                           Көктал  ауылы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net