Тарихты білу - ұрпақ парызы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасында «Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттерді жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»,-делінген.

Міне, осы орайда Жаркент көпсалалы колледжінің 205-топ студенттері  өздерінің топ кураторы М.Салқынбаеваның ұйымдастыруымен  әрі  ата-аналар мен топ шебері А.Шопановтың қолдауымен қазақтың аса көрнекті ғалымы, зерттеушісі, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Шоқан Уәлихановтың Алтынемел мемлекеттік мемориалдық музейіне саяхатқа барып қайтты. Саяхаттың мақсаты: өскелең ұрпаққа өзінің тарихын, салт-санасын бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру.

       Музейді аралау кезінде студенттер Шоқанның өмірі жайлы, туып-өскен жері туралы, жалпы Шоқанның өмір тарихымен танысып, қасиетті жерде болып, керемет әсермен қайтты.

       Ұстаздар тарапынан еліміздің, жеріміздің әсем де, көрнекі жерлерін, елі үшін аянбай еңбек еткен жандардың тарихын, өнегесін ұрпақтан ұрпаққа қаз-қалпында сақтап, жеткізе отырып, шәкірттеріміздің бойына Отанына, өз тарихына деген сүйіспеншілігін дарыта білсек, нұр үстіне нұр емес пе?!. 

М.Салқынбаева,

 Жаркент көпсалалы

колледжінің

205 топ кураторы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net