Ата-баба дәстүрі -ұрпаққа аманат

   Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Ал салт-дәстүрлер – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді. Бұл ретте ұстаздар қауымының алар орны ерекше.

      Жуырда  Білім және ғылым қызметкерлерінің Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің желілік кестесіне сәйкес Елтінді батыр атындағы орта мектепте «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты дөңгелек үстел өтті.
      Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттау мақсатында өткен дөңгелек үстел отырысын Елтініді батыр атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Медет Мұхамедин мен математика пәнінің мұғалімі Гүлжан Нұрбекова ұйымдастырды.
     Шара барысында жас мұғалімдер қазақ халқының бала тәрбиесіне, отбасы, тұрмыс-салт дәстүрлеріне сипаттама беріп, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына тоқталды. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінділер келтіріп, озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызы жайында әңгіме қозғады.
     Дөңгелек үстелге Білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков пен мамандар, Елтінді батыр атындағы орта мектептің директоры Нұрсағат Әлібаев және ұстаздар қауымы қатысты.
                                                                                                                                                                                                    Ж.Ержанқызы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net