100 жаңа оқулық аясында

Өткен жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жария ете отырып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасын ұсынған еді. Бұл ретте, Қазақстан білім беруде белгілі бір жетістіктерге жетіп, сөйтіп, көптеген отандық жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті әлемнің озық оқу орындары қатарына енгені мәлім.

     Бұл ретте Елбасы Н.Назарбаевтың әлемнің үздік оқулықтарын мемлекеттік тілге аудару туралы бастамасы біздерге өте маңызды болып табылады. Өйткені, ол қазақ тілінде аса құнды ақпарат алудың ең тиімді де қажетті мүмкіндіктерін туғызады. Сол себепті біздер үшін ол айрықша мақтаныш болып табылады.

Айтжан БЕЙСЕНҚЫЗЫ, мұғалім.