Бестеректе белгі бар

Жыл сайын елімізде репрессияға ұшыраған, саяси қуғын-сүргін жылдарында құрбан болған жерлестерімізді 31 мамыр күні еске алып, азалы митинг өтеді. Биыл да ауданымыздағы Кішішыған ауылының батыс жағындағы «Бестерек» деп аталатын жерде саяси қуғын-сүргін жылдары құрбан болған жерлестерге орнатылған ескерткіш қасында еске алу митингісі болды.

 

Шараны Жаркент қаласының әкімі Е.Нұрахметов ашып, жүргізіп отырды.

                Алғашқы сөзді аудан әкімі Б.Абдулдаев алып, Елбасы  Жарлығымен осындай шара жыл сайын аталып өтілетіндігінің маңызы зор екенін айта келіп, кейінгі толқын жастар өткен тарихты білулері керектігін баяндады. 1993 жылдан саяси қуғын-сүргінге түскендер ақтала бастады. Тоталитарлық жүйе ұлт аяулыларын түрмелерге қамап, жазықсыз жазаланғандар ақталды.Тарихи деректерге қарағанда ауданымыздан 150 адам халық жауы атанып, өлім жазасына кесілген. Олардың бала-шағаларына, жақындарына да  орынсыз қысым жасалған.

                Шара барысында ардагерлер С.Үшбаев, С.Зульярова және №6 мектептің мұғалімі Г.Айтупова сөз алып, аза тұту күніне орай тың деректерді айтып, нәубет жылдардағы қиындықтар мен қасіреттерді еске түсірді.

                Азалы митингіге қатысқан оқушы жастар тақырыпқа байланысты өлең жолдарын жатқа айтты.  Жаркент қаласы орталық мешітінің имамы Ұ.Сарпек бақилық болғандарға құран бағыштады. Үлкеншыған ауылдық округінің аумағында өткен бұл шараға ардагерлер, интеллегенттер, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, мекеме, кәсіпорын басшылары, округ әкімдері қатысты.

                Бұл күні аудандық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет- мәңгілік міндет» атты тақырыпта ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Қ.Досмаилов ашып жүргізіп отырды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына байланысты өткен конференцияға оқушылар мен коледж студенттері, еңбек ардагерлері қатысты. Онда Ә.Қастеев атындағы көркемсурет галереясының директоры Б.Әбілханов баяндама жасады.

Б.Жұмағазы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net