«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген іс-шаралар атқарылып, тақырыптық кездесулер мен жиындар өткізілді.

Шілде айының 11-15 аралығында Алматы облысының өнер ұжымдары мен қолөнер шеберлері Астанаға келіп жатқан ЭКСПО қонақтарына арнап өз өнерлерін көрсететін болады.

«Ел тарихында қалатын шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың өнерімен кеңінен танысатын болады.  Атап айтар болсақ Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы мен Қолөнер шеберлері жақсы дайындықпен келе жатыр.  Алматы облысы мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы «Жетісу – жұмақ мекенім» шарасымен басталады. Ал жабылу рәсімі шілденің 15-ші жұлдызында Амфитеатрда өтеді. Облысымыздан тек қана мәдени шараға қатысты 332 өнерпаз қатысатын болады», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы.

Ел бірлігі мен әлеуеті сыналар көрмеге баспасөз қатысушылары тек сәттілік тілесті.

 

 

 

Арынбекова  Ж.С

8(702) 117-22-36

8(701) 818-70-00