Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Ә л е у м е т т i к   көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берiлетiн болады. Кiрiсi төмен еңбекке қабiлеттi азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына белсендi қатысуы жағдайында ғана берiлетiн болады. 

Орындалды: «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» 2015 жылғы 28/ қазандағы ҚР Заңы қабылданды (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді). Ә л е у м е т т і к келісімшарт негізінде шартты әлеуметтік көмекті көрсету бойынша «Өрлеу» пилоттық

жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жобаның аясында Заңмен қарастырылған жаңа тәсілдер апробациялануда.

2018 жылдың 1-қаңтарынан  бастап Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі-атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастайды. Елімізде 2014 жылдан бері бағдарлама тәжірибе түрінде пилоттық режимде пайдаланды және бұл уақыт ішінде өзінің қажеттілігін және нақты нәтижелерді көрсетті, оның көмегімен қиын өмірлік жағдайда тап болған жүздеген және мыңдаған адамдарға қолдау көрсетілді.

            Жаңа бағдарламаның ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс күтілуде. Бұл маңызды тапсырма аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімдерінің, ауылдық округ әкімдіктерінің, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне жүктелген.

            Мемлекеттік көмекті алуға мұқтаж және жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек мәселелері  бойынша ақпарат және консультация алғысы келетін азаматтардың негізгі бөлігі қала/ауылдық округ әкімдеріне және жұмыспен қамту орталықтарына жүгінетін болады. Сондықтан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлері мұндай маңызды ақпаратты түсіндіру

жұмыстарын ұйымдастырады.   Халықты әлеуметтік қолдаудың  жаңа бағдарламасына ел көзқарасының қалыптасуына едәуір дәрежеде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адам, мемлекеттің оны қиындықтар мен бақытсыздықпен жалғыз тастамайтынын білуі тиіс, бірақ сонымен бірге ол көмекке мұқтаж адам ғана емес: ол-оның жаңа өмірлік деңгейге шығуына жәрдемдесетін көмектің жаңа түрінің белсенді қатысушысы.Оны түсініп,санасына қабылдау үшін мемлекеттің өкілі болып саналатын  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері халыққа толық ақпарат беріп, маңызды сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сонымен қатар ол белгілі  бір «анықтама бюросы» ғана емес, жаңа бағдарлама бойынша консультант, насихатшы және үгітшіге айналуы тиіс.

Қ.ӘШІРЖАНОВ,

«Панфилов ауданы әкімдігінің

халықты жұмыспен қамту

орталығы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

директоры.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net