Құрылыс нысандарымен танысты

Облыс әкімінің  міндетін атқарушы Лаззат Махатұлы Тұрлашев ауданымызға келген іс сапары кезінде облыс әкімі тапсырған жұмыстардың орындалуы барысын пысықтап, шағын кәсіпкерлік саласы бойынша бой көтерген заңсыз құрылыс нысандарын заң аясында қайта реттеуге нұсқау берді.

     Облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Махатұлы бұдан соң Нұркент елді мекеніндегі тұрғындар саны 100 мың адамды құрайтын  заманауи жаңа қаланың бас жоспарымен танысып, осы алаңқайдағы құрылыс жұмыстарына жақсы бағасын берді.

     Облыс әкімінің міндетін атқарушы Л.Тұрлашев мырзаның ауданымыздағы іс сапары кезінде аудан әкімі  Б.Абдулдаев онымен бірге болды.

Қ.Бейсебай.