Құттықтаймыз

Жерлесіміз, профессор  Ертай Сәрсебеков –

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 25 қарашадағы №592 Жарлығымен жерлесіміз,

      «Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ертай Қожахметұлы Сәрсебеков «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» ғылыми-зерттеу топтама еңбегі үшін бір топ ғалымдармен бірге Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталып отыр.

     Көпшілікті көзайым еткен осынау мерейлі марапатыңыз құтты болсын, Ертай Қожахметұлы!