Ұлттық Банк жаңа үлгідегі банкноттар дайындады

Ұлттық Банк жаңа дизайндағы банкноттарды жетілдіру және әзірлеу бойынша тұрақты жұмыстар атқаруда. Соның айғағы жаңа үлгідегі номиналдық құны 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару болып табылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

 

Банкноттың дизайны айналыстағы «Қазақ елі» сериясының ақша белгілерімен біріңғай стильде жасалған. Басым түсі көгілдір. Өлшемі 130х62 мм. Банкноттың оң жағында  «Қазақ елі» монументі, төменгі бөлікте ұшып бара жатқан көгершіндер, ал банкноттың артында Қазақстан картасының бейнесі орналасқан.

Сонымен қатар, баспасөз-конференциясында қазақстандық монеталар да назардан тыс қалмады. Мәселен,  2017 жылы әйгілі халықаралық жарыстарда дизайн төңірегіндегі жетістіктері, қолданылған технологиялар үшін үш - «Ғарыш» монеталар сериясынан «Венера-10» күміс монетасы, «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Күлтегін» және «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «Таға» күміс монеталары «Жылдың кәдесыйлық монетасы» номинациясында 2 орынға ие болды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 29 қарашада номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Домбыра» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды. Қазақ домбырасы қазақ даласының әдемілігін және байлығын, көшпенділердің тамаша сипаттайтын ең танымал және сүйікті аспаптарының бірі болып табылады. Монетаның бетінде таудың, қазақ ауылының, жүйрік тұлпарлар аясындағы даланың домбыраға арналған музыкалық туындының үзіндісі бар нота тұғырының стильдендірілген бейнелері бар домбырада ойнау сәті бейнеленген», -деді ҚРҰлттық Банкі Алматы облыстық филиалының директоры Жұмабеков Ернар.

Айта кетейік, ескерткіш монеталарының маңыздылығы оларды кәдесый немесе коллекциялық топтама ретінде жинақтауға болады.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net