Үштілділік заман талабы

 Мемлекет  басшысы Н.Назарбаев: «Әрбір қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетіндердің саны  біршама көбеюі тиіс»,-деген еді.  Бүгінгі заманның талабы-үштілділік.

    Үштілділік-бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар      басты  баспалдақтардың бірі. Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру біздің  еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек»,-деген болатын. Олай болса, Қазақстанның білім беру жүйесінде үш тілді оқыту мәселелерінің көтерілуі заман талабынан туындап отырғаны анық.

   Қазіргі уақытта еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта үштілділікті еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын болашақ ұрпақтарымызды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің қазіргі кездегі ең   басты  міндетіміз.

 «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үш тілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек.

Берік   Әлішеров,

Айдарлы орта мектебінің

директоры.