Алматы облысында 2 ірі туристік жоба іске асырылады

Алматы облысы ең бай әрі әсем туристік аймақ болғандықтан, оның ішкі туризмін дамыту басты мақсаттардың бірі. Сол себептен кластерлік дамыту бағыты  назарға алынды. Осыған байланысты Алматы облысының әкімдігі мен еліміздің жетекші туристік компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

 

Облыста туризмнің барлық түрлерін қолдануға болады. Мәселен, сакралдық, экологиялық, мәдени-тарихи, кемпингтік, гастрономиялық, аңшылық, этнографиялық және әлеуметтік-экономикалық. Осы арқылы туризм өркендеп қана қоймай облысқа түрлі инвестиция тартылып, жаңа жобалардың тууына себепші болмақ.

«Егер біз Алматы облысының ресурстық базасы туралы айтатын болсақ. Бұл туризмнің дамуына, сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансұлттық инфрақұрылымдық жобасына үлкен әсер етеді, оның айтарлықтай бөлігі аймақтың аумағы арқылы өтеді », - деді «Kazakh Tourism» АҚ төрағасы Күзембаев Рашид.

Сондай-ақ, туризм басқармасы тарапынан Алматы облысындағы туризм индустриясын дамытудың жол картасы әзірленді.

Туризмді дамытудың жол картасы жеті негізгі кезеңнен тұрады. Біріншісі, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Екіншісі, облыстың туризм индустриясы объектілерін инвентаризациялау. Үшіншісі, халықаралық тәжірибеге негізделген кемінде 35 инфрақұрылымдық жоба әзірлеу. Төртіншісі, Жетісу рекреациялық зоналарына транспорттық логистика құру. Бесіншісі, ақпараттың болуы, цифрлау, навигация. Алтыншысы, «Жетісу» зәкірлі туристік өнімін құру және оны жылжыту. Жетіншісі, туризм және онымен байланысты салалар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту.

         Сонымен қатар, спикерлер облыста биылғы жылы жаңа туристік маршруттар құрылатынын айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net