Ерлік елге мұра

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған шара қаладағы  №6 орта мектепте  жалғасты. Онда Ауған соғысында қаза тапқан Ербосын Көншібаевқа орнатылған ескерткіш тақтаның  алдына гүл шоқтарын қойып, бір сәт еске түсірді.   Мектеп директоры Айтжамал Көбелекова мектеп ішіндегі түрлі көрнекіліктермен ауған соғысы ардагерлерін   таныстырып,  акт  залына бастап әкелді.

 

    Кеуделерінде ордендері мен медалдары жарқыраған жауынгер интернационалистерге арналған  салтанатты кездесуге  оқушылар мен мұғалімдер, өнер адамдары қатысты.  Сондай-ақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы М. Тайболатов  баяндама жасап, ерлікпен қаза тапқан жерлестерді  бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі жасалды.

    Мектепте өткен «Ерлік – елге мұра»  атты кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Илипов, қала әкімі Е. Нұрахметов, ауған соғысы ардагерлері қоғамдық кеңесінің төрағасы Т. Теткусизов тағы басқалар сөз алып  ізгі тілектерін білдірді.  Оқушы жас ұландар  құттықтауларын айтты.

    Шара  барысында 2091 және 74261 әскери   бөлімшелерден келген  сардарлар да ізгі тілектерін білдіріп, Жаркент горнизонының басшысы  полковник С.Сарсеновтың  «Құрмет грамотасымен» ардагерлерді  марапаттады.

                Кездесу барысында көркемөнерпаздар  ән айтып, би билеп өз  өнерлерін  көрсетті.

Ж.Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net