1 наурыз-Алғыс айту күні Ортақ шаңырағымыз Қазақстан

 Тәуелсіз еліміздің тыныштықта өмір сүріп, дамудың даңғыл жолына түсуі әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы ішкі және сыртқы саясатының арқасы десек болады. Соңғы жылдары  дәстүрлі  ресми түрде аталып өтіліп келе жатқан 1 наурыз-«Алғыс айту» күнінің тәуелсіз мемлекетіміз үшін ұлттық маңызы ерекше дегім келеді.

               

                Бүтін нанын бөліп жеп, жарты нанын берген, жерін паналатқан,  ұлттық тіліміздің, дәстүрлі дініміздің, салт-дәстүріміздің сақталуына ерекше қамқорлық көрсеткен қазақ халқына мың рахмет! Ұлт ретінде сақталып, конституциялық, азаматтық құқықтарға ие болып, еңбегіміздің игілігін көріп отырғандығымыз Ұлы қазақ халқының арқасы десек қателеспеймін.

                Тәуелсіздіктің  іргесі берік қаланған ғана уақытта Ұлы Дала елінде қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісім, қазақстандық біртұтастық пен патриотизмді өз ұлттық бірлігіміз бойынша қалыптастырып келеміз. Пейілі даласындай дархан, қаны таза, текті қазақ халқының кеңпейілділігінің арқасында 130-дан астам ұлттар мен  ұлыстардың өкілдері елімізде тату-тәтті өмір сүруде, ұрпағын өсіруде,  елінің егемендігін нығайтуда бір кісідей ынтымақта еңбек етуде.  «Мәңгілік елге» бастайтын болашағы зор «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясын бірлесіп жүзеге асырайық.

                Мемлекет құраушы Ұлы Дала елінің иесі мен киесі қазақ халқының айналасына жұдырықтай жұмылып, келісті келісімді, жарасымды бірлігімізді көздің қарашығындай сақтап, ортақ шаңырағымыз Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін ынтымақтаса, достық пен бірлігімізді нығайта  отырып, ерінбей еңбек етіп, алдымызда тұрған ұлы мақсаттарға бірге жетейік, ағайындар!

Игумен Вионор әкей Иванов,

Православиелік Жаркент

шіркеуінің басшысы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net