"Үздік ұстаз" конкурсы өтеді

     

Қазақстан «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» (Қазақстан ПҒА) мектеп, колледж директорлары мен директорлардың орынбасарлары, ұстаздар мен оқытушылар арасында Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау өткізеді.Құжаттарды қабылдау мерзімі осы жылдың 6 сәуіріне дейін.

 

 

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Байқау Ережесі Қазақстан ПҒА Жарғысына сәйкес дайындалған.

Байқаудың өткізілу мақсаты: кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл ұстаздарды анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу, тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету және жеңімпаздарды марапаттау.

  1. Байқауды өткізуді ұйымдастыру:

1.1.   Байқаудың ашық және дұрыс өтілуін қамтамасыз ету үшін байқау комиссиясы құрылады.

1.2.   Байқау комиссиясына жоғары білікті мамандар, педагогтар тартылады. Комиссия төрағасы – Қазақстан ПҒА президенті.

  1. Байқаудың өткізілу реті:

2.1.   Байқау жылына 3 рет өткізіледі;

2.2.   Байқауға құжаттарын тапсыру уақытына дейін үздіксіз еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және жұмыста жеке үздік көрсеткіштері бар білім беру саласының қызметкерлері қатыса алады.

  1. Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыру керек:

3.1.   өтініш (үлгі бойынша);

3.2.   байқауға қатысушының кәсіби іс-әрекетінде жеткен жетістіктері жазылған аналитикалық есебі (2-3 бет);

3.3.   байқауға қатысушының түйіндемесі;

3.4.   ғылыми, әдістемелік еңбектері мен БАҚ-да жарық көрген мақалалар тізімі (тек қана шығыс мәліметтері көрсетілген тізімді жіберу керек, материалдардың өздерін және портфолио тапсыру қажет емес);

3.5.   3х4 сурет (2 дана);

3.6.   мақсатты ұйымдастыру жарнасының төленгендігі жөніндегі түбіртек.

  1. Мәліметтер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
  2. Байқаудың мәліметтері қағаз немесе электронды нұсқада 3-бөлімде көрсетілгендей етіп жинақталуы және пошта арқылы немесе Академияның электронды адресіне жіберілуі керек.
  3. Байқауға қатысу үшін 15 000 теңге мақсатты ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет.

Қолма-қол төлемеген жағдайда жарнаны Академияның банк реквизитіне аударуға болады:

«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ

050026, Алматы қ., Төле би көшесі, 155, 4-қабат, 401 каб.

РНН 600 700 537 343; БИН 040 340 015 818; ИИК KZ138560000000419866

АО «Банк Центркредит» БИК KCJBKZKX КБЕ 18

Тел.: 8 (727) 378-46-57, 221-25-95; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ; веб-сайт: www.apnk.kz

  1. Байқау нәтижелері 13 сәуір күні Академияның сайтында жарияланады.
  2. Марапаттау реті: Байқау жеңімпаздарына арнайы «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгі (Монетный дворда арнайы тапсырыспен дайындалған), куәлік, сертификат және жеңімпаздардың аналитикалық есептері мен фотолары берілген электронды жинақ дискі тапсырылады (жіберіледі).
  3. Марапаттау уақыты: сәуір айының соңы-мамыр айының басы (қосымша хабарланады).

ЕСКЕРТУ: Электрондық жинаққа әр қатысушының есебі редакцияланбай, берілген қалпында енгізіледі.

 

Үлгі

«Үздік ұстаз» байқауына қатысуға

Өтініш

 

 

Аты-жөні __________________________________________________________________

(жеке куәлік бойынша)

Жұмыс орны _______________________________________________________________

Атқаратын қызметі __________________________________________________________

Білімі ______________________________________________________________________

Жұмыс өтілінің мерзімі ______________________________________________________

Жұмыс орны басшысының аты-жөні: ___________________________________________

                                (жеке куәлік бойынша)

Мекеменің мекен-жайы және тел. ______________________________________________

___________________________________________________________________________

                                                               (облыс, аудан, қала/ауыл, көше)

Үйінің мекен-жайы және тел. _________________________________________________

                                                     (облыс, аудан, қала/ауыл, көше, үй/пәтер номері)

 

Ұялы тел. __________________________________________________________________

Жеке e-mail:  _______________________________________________________________

Жұмыс орнының e-mail: ______________________________________________________

 

 

 

______________________________

 (фамилия, инициалдары)

 

«____»_____________ 2018  ж.

 

 

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net