Алматы облысы аумағындағы еріген қардан су басу қаупі
- Толығырақ
- Жарияланды 01.03.2018 10:55
- Автор: Super User
- Категория: слайдер
- Қаралды: 3221
Облыс аумағындағы ауа температурасының көтерілуіне байланысты ағымдағы жылы 25 ақпанынан бастап Төтенше жағдайлар департаменті жұмысын күшейтуге кірісті.
Қар жамылғысының қарқынды еруінен жер үйлердің аулаларын су басты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Төтенше жағдайлар депратаменті басшысының орынбасары Тұраров Серікхан баяндады.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суару жүйелерін, арналарын тазартып, суды бұрып, су басқан аулаларын судан тазартуда. Төтенше жағдайлар департаменті аймақтың төменгі таулы аудандарында мүмкін болатын су басу туралы дауылды ескертуді СМС хабарламалар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуда.
«24 ақпанда облыста аулалар мен көшелерді қардың ерігеннен кейін 17 су басу оқиғасы тіркелді, онда 66 үй-жайдың ауласын су басты, арық жүйелерін тазарту, бөгеттерді жинау және суды сорып алу үшін жергілікті атқарушы органдардан 150-ге жуық және Алматы облысы ТЖД- нен 60-қа жуық адам қатысты. 60 бірлік техника және 20 қозғалтқыш сорғысымен 407,5 текше метрден астам су шығарылды», - деді Тұраров Серікхан.
Сонымен қатар, Алматы облысы ТЖД «Жедел - құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Чарапиев Сайлаубек те сөз сөйледі.
- 25 ақпанда бөлім телефон нөмірлеріне, сондай-ақ, 130 аула аумағын су басу туралы 17 хабарлама келіп түсті, барлық өтініштер тиісті қызмет бөлімдеріне жіберілді. 25 ақпанда жергілікті атқарушы органдардан 86 адам, облыстың Төтенше жағдайлар департаментінен 81 адам, 48 техника, 9 қозғалтқыш сорғысы жұмылдырылды.
Сондай-ақ жиында, төтенше жағдайлар департаменті су апаты қауіпті жерлерде тұратын азаматтарға, су басуды болдырмау мақсатында, өз учаскесіндегі арықтарын тазартуды ескертті.