Алғыс айту күні – елдіктің ерен мерекесі

Алғыс айту күні – әр-түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқымызға терең тағзымының белгісі, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні десе де болады.Бұл айтулы күн 2016 жылдан бастап қазақ жерінде тойлануда.

Мәселен, осы жылы 20 ақпаннан бастап облыс аумағында декада жарияланып, жыл сайынғы дәстүр бойынша барлық аудан, қалаларда «Қайырымды Ел» жалпыреспубликалық акциясы аясында 527 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, 2433 адамға жалпы 24 689 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар, жалпыреспубликалық "Қарттарым-қазынам" қайырымдылық концерті, "Тату көршілер" акциясы аясында "Қайырымды көршіге рахмет" шарасы, "Медиация орталығының" ашық есік күндері, білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, эсселер, суретшілер байқауы, денсаулық сақтау мекемелерінің "Салауатты Ел-болашақ негізі" ашық есік күндері, этномәдени бірлестіктердің жастарының аға буын өкілдерімен "Алғыс арқалаған жандар" тақырыбында кездесулер өтуде.

«Халқымыз қашан да «ырыс алды-ынтымақ» деп баса айтқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған барлық деңгейдегі шараларға әрдайым ақпараттық қолдау танытып жүрген Сіздерге де, Алғыс айта отырып, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық тілеймін!. Он күндікте өткізілген әрбір жағымды жаңалықты, тағылымды шараны сол сәтінде Жетісу жұртшылығына жеткізгендеріңіз үшін рахмет», - деп конференцияны

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек қорытындылады.

 

 

 

 

 

 

Депортация басталған қиын-қыстау кезеңде біздің ата-апаларымыз өзге этнос өкілдерін жатсынбай, бауырына басты, қамқор құшағына алды. Қысылса да, үйінен орын берді, бір үзім наны мен жарты құртын бөлісіп жеді. Осылайша, кеңпейілдігі мен дархандығын танытты. Келген ағайындар да қол қусырып қарап отырмады. Қолына күрек пен кетпен алып, егіншілікпен айналысты.

 

Алғыс айту күні – тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні десек, артық емес.

 

Біртұтас азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайтудың жарқын үлгісі.

 

Алғыс айту дегеніміз – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

 

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net