«КӨКТЕМ - 2018» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Күн жылынып, көктем шығысымен төтенше жағдай саласының мамандары үшін нағыз  қарбалас кезең басталады. Бұл кезеңде су тасқынына қарсы сақтық шараларын жүргізу аса маңызды.  Көктемгі су тасқындарына дайындық аясында 6 наурыз күні Панфилов ауданында «Көктем-2018» оқу-жаттығуы өткізілді. Төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау мақсатында Нағарашы ауылының  аумағында  өткен оқу-жаттығуға азаматтық қорғаныстың  мемлекеттік жүйесінің басқарма органдары, күштері мен құралдары, мүдделі мекемелер қатысты.

 

                Оқу-жаттығу жұмыстарының Нағарашы ауылдық округінде өтуі де бекер емес: бұл ауданымыздағы су тасқыны қаупі төнуінің ықтималдығы жоғары аумақтардың бірі.

                Ауданымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссия төрағасы, аудан әкімі Т.Бектасов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің башысы Б.Байбосынов азаматтық қорғау қызметі құрамындағы өртке қарсы, қоғамдық тәртіпті қорғау, медицина, электр желілерін тарту, байланыс, сумен қамтамасыз ету, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, ақпарат, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайға  дайындығын пысықтады.

                «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барлығы  95 адам, 30 бірлік әртүрлі техника жұмылдырылды.

. Ж. Кенжебек.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4127975