Маңызды құжат

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамға зор  сілкініс әкелді. Бұл бағдарламалық мақала ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге  құрылған.Бәсекеге қабілетті мемлекет  қалыптастырудағы  қадамымызды  нықтай  түсетін  маңызды  құжат.

     Президенттің  бағдарламалық  мақаласы жарық көргеннен кейін ұлттық сананың жаңғыруы туралы нақты айтылып, жұмыстар жүргізіле бастады. Еліміздің барлық өңірлерінде рухани жаңғыруды негізге алып, ұлттық құндылықтарымызды жаңашылдықпен насихаттауға бағытталған істер қолға алынды.

     Замана көшіне орай, саяси  және  экономикалық салаларды жақсартумен бірге, ой-сананы рухани жаңғырту  қажет. Мұндай жұмысты қоғамдық сананың озық жаңғыруынсыз елестету мүмкін емес. Халықтың жүрекжарды лебіздері мен қолдауына ие болған мақалада білім, өзін-өзі дамыту, ұлттық бірегейлік, ұлттық мәдени және рухани деңгейі сияқты өмірлік маңызы бар  мәселелерге  мән берілген.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net