Берекелі Белжайлау

Алтын бесігіміз болған жер жанаты-Жетісу өлкесінің  шұрайлы бір аймағы саналатын Жаркент өңірінде көз  қарықтырар, сиқыры сұлулыққа толы табиғат тамашалары көп-ақ. Бүгінгі таңда демалыс аймағына өзі сұранып тұрған суы шипалы, шөбі-шұрайлы, топырағы-торқалы, ауасы-ем, көрікті жерлердің бірі-Бел жайлауы. Арқас Алатауының (Жоңғар) оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан бұл аймақ көрікті табиғатымен қоса әйгілі тарихи орын-Орбұлақ шайқасы өткен шежірелі шындықтың мерейлі мекені болып табылады. Ордың бұлағы,  Жалаулы, Орбұлақ оқпанасы сияқты жер атауларын бүгінде білмейтіндер кемде-кем.

 

                Тарихтың  терең қатпарларынан суыртпақтап сыр шертетін бұл аймақтың  жергілікті  тұрғындардың ғана емес, алыстан ат арытып, көрсем-ау деп келетін жүргінші жолаушылар мен шетелдік  қонақтарға қашанда құшағы ашық.

         Төрт   түлікті  бауырына басып, жайлаудың  жасампаздығын көрер көзге паш етіп отырған атақты Белжайлаудың бүгінгі сәні де-керемет. Сол кереметтің қызығын бірге тамашалаудың  сәті енді түскендей.

                Туған жеріңе туыңды тік, ағайын!

Қ.Құсайын.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net