Латын әліпбиін қолдаймыз

Біздің  Нәдек  орта мектеп ұжымы латын әліпбиіне  көшу туралы мәселені бірауыздан ұжым арасында  қолдап, қуаттады.       Ұжым арасында  жиналыстар өткізіліп, ұжымның пікірлері тыңдалды. Мектебіміз Ә.Қастеев атындағы мектеп ұжымымен тығыз байланысып, тәжірибе  алмастық.     

 

                Кемеңгер саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  атты  мақаласы туралы баяндамалар талқыланды. Менің әкем Мұрымбаев Дүйсенғазы осы мектепте 40 жыл тіл маманы, ал анам Анаргүл шаруашылық қызметшісі   болып еңбек етті.

                Ата-анам латын әліпбиінің сонау Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев аталарымыздан бастау алатынын және даму жолындағы мемлекетіміз үшін бұл бастаманың маңызы зор екендігін түсініп, еліміздің латын әліпбиіне көшуін толықтай  қолдап отыр. 

                Тәуелсіздігімізге 27 жыл толып отырған кезде Елбасымыздың дара жолымен талай ауқымды істер атқарылғаны баршамызға  аян. Мен де бір  кісідей латын әліпбиіне көшуді қолдап, қуаттаймын.

Айман  Мұрымбаева,

Нәдек  ауылы

 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net