Тарихы терең Басқұншы

Жуырда  Басқұншы ауылының 130 жылдығы  салтанатты түрде аталып өтілді. Ауылдың мәдениет үйінде өткен бұл шараға Басқұншы ауылының  бұрынғы және қазіргі тұрғындары келді. Алыс – жақыннан шақырылған Басқұншы  ауылының бұрынғы тұрғындары да торқалы тойға белсене қатысты.

 

                Басқұншы  ауылының 130 жылдығына арналған  салтанатты жиында ауылдық округ әкімі С.Медетбеков  баяндама жасап, ауыл тарихына және оның экономикасы мен  мәдениетінің дамуына тоқталды.  Одан кейін  аудан әкімінің орынбасары   Ш.Құрбанов  сөз алып, тойға келген азаматтарды құттықтап, ел экономикасын дамытуға үлес қосқан, тағы басқа салаларда еңбек еткен ардагерлер мен кейінгі толқын жастардың еселі еңбектеріне ризашылық білдірді.       Сондай-ақ «Ауылым-алтын бесігім» - деп, өңірге еңбегі сіңген азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде табыс етті.

        Салтанатты шара барысында кезінде шекарада қызмет еткен әскерилер мен ауыл азаматтары түрлі марапаттарға ие болды.

     Салтанатты  шара  соңында  көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы тамашаланды.

                Басқұншы ауылының 130 жылдығына келушілерге ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен  кең                 дастархан  жайылып, ас берілді.

                Сондай-ақ келген қонақтар мен тұрғындар кездесудің   соңын   түрлі  мәдени шаралармен   жалғастырды.

                «Ауылым – алтын бесігім» атты шараның  өз деңгейінде өтуіне белсене атсалысқан ауыл тұрғындары Әбдірақым Кененбаев, Надира мен Хамза Еспенбетовтер тағы басқа ауыл азаматтарының есімін құрметпен атауға болады.

Жұмағазы   Бейсебек.