Жаңа әліпби - жаңа дәуір

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында көреген басшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы қаулысына толықтай  келісемін. Бұл бастамаға орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп  нақты  мақсат қойылған болатын.

 

                Әрине, алғашқыда қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ, еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз  үшін  жасалған  маңызды қадамдардың бірі.   Өзім жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы  болып  қызмет атқарамын. «Жастар біздің болашағымыз» демекші, өзім де жас болғандықтан бұл жұмысқа қызыға кірістім. Ауылымыздағы  жастармен  осы  мәселе  төңірегінде  «Жаңа әліпби - жаңа дәуір       бастауы» атты  жастар  арасында дөңгелек  үстел  ұйымдастырып өткіздім. Жастардың ой-пікірлерін тыңдадым. Олар латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы ойларымен бөлісіп, бұл бастаманы  бір кісідей  қолдап отыр. 

                Латын әліпбиіне көшу арқылы біз өркениетті 30 елдің қатарына қосылып,  Мәңгілік  ел болатынымызға  сенімім  мол.

Рысалды Қырғызбаева,

Пенжім ауылдық округінің

жастар ісі жөніндегі

әдіскер нұсқаушысы.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net