Жаңғыру бағытындағы жүйелі істер

   Талдықорған өңірінің электрмен жабдықтау тарихы сонау «Түрксіб» темір жолы салынған жылдардан басталған.

                1998         жылдан бастап облыстық электр желілері кәсіпорны бірнеше рет қайта құрылып, атауы  өзгертілді. Бірқатар  қайта құрылудан  соң «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» акционерлік   қоғамы   құрылды.

 

                Бүгінгі   таңда   «ТАТЭК»  АҚ-да  1500-ге  жуық  адам  істейді.  Олар 11 электр  желілері  ауданына қызмет етеді. Акционерлік қоғамның негізгі жұмысы  Талдықорған өңірінің тұтынушыларына электр қуатын  тасымалдау және тарату. Электр желілері мен жабдықтарды жөндеуді және пайдалануды жүзеге  асыру  болып  табылады.

                Қызмет  көрсету  аумағы  солтүстіктен  оңтүстікке 420, шығыстан-батысқа 300 шақырымға созылып жатыр.

                Бүгінгі таңда «2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша жетілдіру, жаңғырту   жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде  жаркенттегі  қосалқы станциясына жетілдіру  жұмыстары  жүргізілді.

                Жоғарғы кернеуліктегі №134 «Жаркент» қосалқы станциясындағы 16000 кВа күштік трансформаторы 25000 кВа трансформаторына ауыстырылды.

                Жуырда  «ТАТЭК» акционерлік қоғамының 2017-2018 жылдары инвестициялық бағдарламаны орындау және активтерді жаңғыртуы туралы» БАҚ және қоғамдық ұйымдардың  қатысуымен  өткізілген  пресс-тур Жаркент қаласында  өтті.

                Онда қаладағы электр жүйелерін жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстырған «ТАТЭК»  АҚ-ның басқарма төрағасының  даму және өзге қызметтер жөніндегі орынбасары  М.Суанбаевтың  «2017-2018 жылдары инвестициялық бағдарламаның орындалуы және активтерді жаңғырту туралы» ақпараты  тыңдалды.

                Шара  барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Г.Шарапиева сала бойынша нақты әңгімелерін айтты. Сондай-ақ «Жаркент» жаңғыртуға өзгелерге қарағанда қомақты ақша бөлінгендігін де жасырмады.

                Шараға қатысушылар жаңа трансформатордың  жұмысымен танысып, оның тиімділігі жөнінде ақпарат алды.

                Бүгінгі  таңда  қала  көшелеріне темір бетоннан жасалған бағалар орнатылып қауіпсіз электр желілері  тартылуда.

                Көшелер көне бағаналардан тазартылып жаңғырту жұмыстары қолға алынды.  Мекеме басшысы Т.Инсеновтың айтуынша жаңғыртуға байланысты жұмыстар 100 пайызға орындалуда.

                Пресс-турға қатысқан аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Әубекұлы ауылды жерлердегі тұрғындарды электр жарығымен қамтудағы  кейбір  мәселелерді айтып, оның оң шешім табуына көмектесулерін  сұрады. Электр қуатының жетіспеушілігі  ауданымыздағы 11 округте байқалып отырғандығы айтылды.

                Шараға «ТАТЭК» АҚ қаржы саласынан Н.Құдайбергенқызы, аудан әкімінің орынбасары  Д.Төреханов, электр қуатын тасымалдау саласының қызметкерлері қатысты.

                Жұмағазы   Бейсебек.

 

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net