Жәдігерлер тіл қатса...

  Жуырда «Жаркент мешіті» сәулет – көркемөнер музейінде Талдықорған қаласының тұрғыны жеке коллекционер Марат Қасеновтың жинаған тарихи жәдігерлері мен өткен ғасырда жасалған көне бұйымдар көрмесі көрсетілді.

 

                Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»,- деген болатын. Ел дамуының өзегінің біріне айналған, Мемлекет басшысының маңызды мақаласының аясында жеке коллекционер өз жинаған жәдігер заттарымен бөліскісі келіп, біздің аудан жұртшылығына ұсынуды жөн көріпті.

                Жәдігер жинаушы Марат Жанахметұлы 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым механик-тракторист болудан бастаған.  Жәдігерлерге деген қызығушылығы сонау 1958 жылдан, яғни ең алғаш сегіз жасынан  бастап, серік еткен азамат бұл күндері Талдықорған қаласында тұрады. Зайыбы Ұлтуар  Тілеубайқызы екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіріп отырған өнегелі отбасы.

                Марат Жанахметұлының жеке коллекциясында бүгінде  үш мыңға жуық жәдігер, екі мыңға жуық көне кітаптар тіркелген.

                - Көне жәдігерлерді жинау – ермек емес, қызығушылық деп айтатын Марат Жанахметұлы: «Ескіні естен шығармау және көне уақыттың жәдігерлерін бағалай білу жастар үшін пайдалы. Бұл – тарих. Мен еліміздің «Рухани жаңғыру»  бағдарламасына өз үлесімді қосып жүрмін деп мақтанышпен айта аламын»,-деген  болатын  өз сөзінде.

                Шара соңында көрмені тамашалауға келген аудан тұрғындары мен мектеп  оқушылары Марат Жанахметұлының көрмесін көруге мүмкіндік алды.

Мәулен  Керімбеков .

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net