Кемел біліммен - болашаққа

Өз басым жеке тұлға ретінде заман ағымынан қалыспай елімізде және жалпы жер бетінде болып жатқан жаңалықтардан тыс қалмауға тырысамын. Президентіміздің биылғы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  елге түсінікті, бай да ықшам тілмен әдемі жеткізілген. Ондағы  басты мақсат - Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің алдыңғы 30 елінің қатарына кіру. Бағдарламаның білім саласына қатысты тұсы – болашақ ұрпақтарды кемел біліммен сусындататын зор мүмкіншілік. Алла қаласа алдағы заман – нағыз білімділердің заманы болмақ.

 

                Бүгінгі таңда ешбір сала назардан тыс қалмайды. Кез келген саланың өсіп-өніп, дамуы білім мен ғылым қарқынына байланысты. Бұл жайлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласында ерекше атап көрсетті: «Технологиялық революцияның          беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты  бұрын-соңды  ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі  жаңа   атаудың   ертең-ақ   ескіге  айналатын, жүрісі  жылдам дәуірге аяқ  бастық. Бұл жағдайда кәсібін  неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді».                                           Осыны  түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз.

                Табысты болудың ең іргелі, басты факторы - білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.      

                Қорқынышты көрінуі мүмкін, дегенмен алдағы азғантай жылдарда бүгінгі таңдағы кәсіптердің жартысынан көбі жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін. 

      Бұл көптеген мамандарға табыс көзінен айырылу қаупін тудырады. Бұл жәйт болашағын алдын ала болжай білетін елдер үшін ғана қауіпсіз болмақ.

Халила  ЕРНЕБАЕВА,

 Жаркент көпсалалы колледжінің

арнайы пәндер

оқытушысы.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net