ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Күн  санап   дамыған   бүгінгі жаһандану заманында елдігімізді, ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды, дінімізді сақтап қалу - біздің   басты парызымыз әрі бізге артылған үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті орындау мақсатында  еліміздің ертеңгі жарқын болашағының негізін қалайтын саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. Біз өсіп келе жатқан жас ұрпақты еліміздің тарихын білетін, мәдениетін  құрметтейтін ұлтжанды азамат ретінде тәрбиелеуіміз керек. Өйткені туған өлке тарихын, мәдениетін білу әрбір азаматтың міндеті  болып  табылады.

 

                Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруын» білім саласында іске асыру барысында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2-3 сынып оқушылары жуырда ауданымыздағы көне-тарихи жәдігердің бірі Уәлібай мешітіне саяхат жасап қайтты. Мешіттің сан алуан әдемі нақыштармен безендірілген қабырғаларымен жақтауларындағы өрнектері көз тартарлық.

                Аталған мешіттің қызметкерлері оқушыларға мешіт тарихын таныстырып, құнды экспонаттарды көрсетіп, ауқымды мәліметтер берді. Оқушылар XIX ғасырдың шегесіз салынған  сәулет ескерткішімен танысып, білім көкжиектерін кеңейтіп қайтты.                 Осы экскурсия барысында олардың  таным-түсініктерін молайтып, олардың бойында тарихи сана қалыптасуына жол ашылғанына сенімім мол.

Гүлзат  ЕРСАРЫҚЫЗЫ,

Ы.Алтынсарин атындағы

орта мектептің  

бастауыш

 сынып мұғалімі.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net