Асқақтаған Астанам

Еліміздің елордалары болған қалалардың ішінде Астананың орны бөлек. Себебі ол – тәуелсіздігіміздің символы. Оны сайын Сарыарқаның төсіне азат қазақ елі өз қолымен тұрғызды. Астана тарихы мен халқымыздың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз ұғым іспеттес.

 

                Бас қаланы Астанаға ауыстыру туралы тарихи шешімге биыл 20 жыл толады. Осы уақыт аралағында елордаға  мыңдаған адам қоныс аударды, осында өз бақытын тапты, отбасын құрды, жұмысқа тұрды, баспаналы болды.  Алғаш қоныс аударғанда Арқаның аязына тоңып, елорданың  ауа-райынан сескенген жұрт – бүгінде Астана сүйікті қаласына айналған тұрғындар.

                Астана әкімдігінің мәліметіне сүйенсек,  2017 жылың қараша айындағы көрсеткіш бойынша халық саны 1023181 адамды құраған.  Қаладағы халық ең көп – Алматы ауданы екен, оның саны 431 377 адамды құрап отыр. Жыл сайын орта есеппен Астананың тұрғындары  30 мың адамға өседі. Тиісінше тұрғындарды жұмыспен,  баспанамен қамту да негізгі мәселеге айналуда.

                Бүгінде Астанада,  Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – бас қаланы және елімізді дамытудың негізі, міне, осы.

Жансая  Кенжебек.

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net