Ертеңі нұрлы Елорда


 

     

Астана - бүкіл еліміздің тыныс-тіршілігін айқындайтын жүрегі. Астана - сарқылмас қуаттың қайнар көзі. Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуы сол қайнар көзден қуат алады.     Бұл шын жүректен шыққан сөздер, оны миллиондаған қазақстандықтар қайталап айтады.    Астана - қанат жайып келе жатқан қала. Шаһар жалаң сұлулықтан ада.  Қаланың көркіне көз тоқтатқан адам оның  ескірген қағидаларды емес, заманауи сәулет үлгілерінің озық жетістіктерін өз бойына жинағанын байқайды.

 

                Астана - жасыл  желекпен көмкерілген мөлдір бұлақ секілді. Қазақстанның барлық  аймақтары елорданың мерейтойына сыйға тартқан жаңа саябақтар, гүлзарлар мен су бұрқақтар астаналықтар мен олардың қонақтарына салқын саясын ұсынбақ.

                Бас қаламыздың бас архитекторы болған, Астананың өсуін кірпік қақпай қадағалап отырған Елбасы.Яғни, бір күнде қазақ елі үшін маңызы мен мәртебесі зор қос қуаныш биыл аталып  өтілмек.

                Астана Қазақстанды әлемге  танытты. Қазақстан Астанасымен танылды. Енді міне 20 жыл ішінде Елорда даламыздың көркіне, алты  алаштың айбатына айналып  отыр.

                Қазақстан мемлекетінің бас қаласы - Астана ел даңқын асырып, Отан дүбірін шартарапқа жеткізер ардақты шаһар болсын.

Бағдат  

Айтмұқаева.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net