Ғасыр жаңалығы-бас қала

  Есіл өзенінің бойында  орналасқан  Ақмола қаласының елордасы - Астана  болғанына  20 жылдың жүзі болыпты. Осыдан 20 жыл бұрынғы Ақмола  облысының орталығы  болып келген  Ақмола қаласының орнына қысқа  мерзім ішінде жаңа қала Астана бой  көтерді.  Бұрынғы  Ақмола туралы бір екі ауыз сөз.

 

              

 

 

 

  1957 жылы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы орта  мектепті  бітірген жылы  Қазақ мемлекеттік университетінің  тарих  факультетіне оқуға түскен едім. Университет  студенттері тың астығын жинау науқанына бір ай  мерзімге  көмекке жіберілетін  еді.

    Көмекке келгендерді  Ақмола қаласынан әр аудандарға бөліп жіберетін. Сол кездегі және  бүгінгі  Ақмоланың айырмашылығы жер мен  көктей. Көпқабатты  үйлер бірен-саран ғана,  көбінесе жатағын үйлер, көшелер бүгінгідей емес. Асфалтталғандары бірен-саран, көбінесе  шаңдауыт  көшелер болатын.

                Ал екінші мәрте  іссапармен 1972 жылы Ақмолада  2 күндей болғаным бар. Бұл кезең  Қазақстанның  миллиард  пұт астығы Кеңес Одағы   бойынша дәуірлеп тұрған кезі. Бұл кезеңде бұрынғы теміржол вокзалы талапқа сай жөнделіп, тың  игерушілер сарайы  қазіргі  конгресс холл салынып пайдалануға берілген  кезі, қалада жаңа үлгідегі ғимараттар, тұрғын үйлер салынып  пайдалануға  беріле бастаған.

                2014 жылы Ұлы Отан  соғысындағы Жеңістің  70 жылдығын  атап өтуге байланысты республика бойынша  «Қайран  ерлер, Қаһармен ардагерлер» деген үрдіс бойынша  байқау жарияланған болатын. Осы байқаудың  қорытындысы  бойынша   Алматы  облысы, Панфилов  ауданындағы  ардагерлерден  құрылған  «Белжайлау сазы» ұлт  аспаптар  оркестрі құрамында 28 ардагерлерден тұратын. Жюри  қорытындысы бойынша облыста бас жүлдеге ие  болып сол кездегі аудандық ардагерлер  ұйымының төрағасы ретінде  оркестрді бастап үшінші мәрте  Астана қаласына бардым.

                2016 жылы 20 сәуірде республикалық ардагерлер ұйымының VІІ съезіне  делегат  болып,  төртінші  мәрте  бардым. 

                Бүгінгі  Астана - дүниежүзі бойынша архитектуралық сәнділігі, әдемілігі, көркемділігі, тазалығы жөнінен  айтарлықтай жетістікке жеткен үлгілі қаланың біріне  айналған.

                Елорданың бүгінгі сәнді қала қатарына қосылуына ұйытқы болып бастаушы болған  сөз жоқ  Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап Елордасын Ақмола қаласына көшіру туралы бастамасына  жасыратыны жоқ, «қаражат тапшы», «қиын-қыстау» жағдайларды алға  тартқандарына қарамастан қысы-жазы демей қала құрылысы жүргізіле   берді.  Жаңа Елорда сәнді болу үшін дүниежүзілік және отандық атақты    сәулетшілер өз үлестерін қосып, табысты еңбек етті. Бұл істе, әрине, құрылысшы мамандар  мен жұмысшылардың еңбегі ұшан теңіз.

                Бүгінгі  Астананы   бүкіл дүниежүзі біледі. Соның  бір  айғағы  «ЭКСПО-2017» көрмесінің  Астанада өтуі. Оған дүниежүзінің  110 мемлекетінен келген  өкілдер  көрді. Қазақ елінің өз алдына дербес мемлекет болғандығы, жетістіктеріне көздері жетті. Соның  айғағы Қазақстандағы  көп ұлттар мен ұлыстардың мызғымас туысқандығы  достығы.

                 Жиырма жасар  Астана – ғасырлардан ғасырға өркендеп,  жасай берсін!

Сағымбек  Үшбаев ,

Қазақстан Республикасы білім  беру ісінің  үздігі, зейнеткер ұстаз, тыл ардагері,

 Панфилов ауданының «Құрметті  азаматы».

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net