Астана қаласының 20 жылдығы мен Орбұлақ шайқасындағы Ұлы Жеңістің 375 жылдығына арналған жыр мүшайрасының ЕРЕЖЕСІ мен ШАРТТАРЫ

Мемлекет  басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай: ұлан - байтақ даламыздың әрбір сүйем жері – тұнып тұрған тарих. Осынау туған топырағымызды қанын төгіп қорғаған ата-бабаларымыз бар.

Сондай-ақ, тәу етер Тәуелсіздігіміздің арқасында, Елбасымыз ерен бастамасының нәтижесінде Арқа  жерінде асқақтаған  Астанамыз сәт санап сәулеттеніп келеді. Осыған Орай Орбұлақ шайқасындағы Ұлы Жеңістің 375 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығы мерекесі құрметіне  «Орбұлақ-айбыным, Астанам- ай-күнім!» атты аудандық жыр мүшайрасы  өткізіледі.

     Байқаудың мақсаты: Жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау арқылы оларды ұлтық, азаматтық, патриоттық сезімге баулып, туған еліміздің тарихын терең білу мен Отанымыздың жүрегі-Астананы сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, жас ұрпаққа рухани - адамгершілік тәрбие беру.

    Байқаудың  шарты: Талапкер ақындар Орбұлақ шайқасындағы Ұлы Жеңіс туралы, оған қатысқан оғландардың жанқиярлық ерлігі мен өрлігі жайлы, сондай- ақ, Астанамыздың асқақтығы мен Елбасымыздың Елорданы көркейтудегі ересен еңбегі жөнінде жазған екі өлеңін ұсынады, сахнада оқиды. Өлеңдер әдеби көркемдік –эстетикалық талапқа сай және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.

    Өтетін  мерзімі:  2018  жылғы  29  маусым, сағат-10.00. Байқауға қатысу туралы өтініштер 22 мамыр - 22 маусым аралығында қабылданады.   

    Өтініштерді мына электронды поштаға жіберіңіздер: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және аудандық ішкі саясат бөліміне қағаз жүзінде беруіңізді сұраймыз.

    Мүшайраға қатысушының өлеңдері «Times New Roman» қаріпімен 14 өлшемде А-4 параққа тіркелуі керек. Оған қоса жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, аты-жөні, мекен-жайы, тағы басқа жеке бас деректері жазылған анықтамасы ұсынылуы қажет.

     Ұйымдастырушы:  Панфилов  аудуандық  ішкі  саясат  бөлімі.

     Өтетін жері:  Жаркент  қаласындағы  аудандық  Мәдениет  үйі.

    Қатысушылардың  жас  ерекшеліктері: 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Ұйымдастыру  алқасы.