Ертеңі еңселі Еорда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында: «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.

     Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», - деп атап көрсеткен болатын. Еңселі елордамыздың биылғы атаулы мерекесі жалпы халықтың ортақ қуанышы. 20 жыл тарих үшін қас-қағым сәт. Дегенменде   осы  аз  уақыт аралығында Елбасымыз өзінің сындарлы саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында еңселі елордамызды Алаш жұртының асқақ айбарына айналдыра алды.

  «Теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады», -деген сөз бар дана халқымызда. Келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. Сол секілді бас қаламыз Астананың көркі күн санап асқақтап, әлемнің атақты астаналарымен теңдесе алатын жауһар шаһарға айналды. Сәні мен салтанаты жарасқан Астана сәулет өнерлерінің озық үлгілерін өмірге әкелген жерұйығымыз және тың идеялардың, жаңа бастамалардың ордасы.

   Санаулы жылдар ішінде Астанамыз әлем елдеріне танылып, ауқымды шаралардың бастамасы қаланған бас қалаға айналып үлгерді. Оған елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткендігі толықтай мысал бола алады. Сонымен қатар, егемендігімізді тағы бір мәрте әлемге мойындатқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін айтпай кетуге әсте болмас. ЭКСПО көрмесінің елімізде өтуі – Астанамыздың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті.

      Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір қазақтың «жан-жүрегім» деп айта алатын, бас қаламыз деп мақтанатын еңселі елордасы. Сарыарқа төсінде орналасқан бас қаламыз мәңгілік асқақтай берсін, жасай берсін!

Гүлдана Майчубаева,

бастауыш сынып мұғалімі.

Шежін орта мектебі.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net