Асқақатай бер, бас қала!
- Толығырақ
- Жарияланды 27.06.2018 11:30
- Автор: Super User
- Категория: Астанаға - 20 жыл
- Қаралды: 1491
«Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы»,- деп Елбасымыз айтпақшы, бас қаламыз Астана – ұлан ғайыр еліміздің асқақ қаласы әрі әлем танып, мойындаған жас қала. Ерке есілдің жағасынан орын алып, қазақ елінің дархан даласының сұлулығын әлемге паш етіп тұрған байрақты еліміздің символы.
Гүлденген Астанамыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Биылғы жылы Астанамызға 20 жыл толғалы отыр. 20 жыл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, осы жылдар ішінде бүгінгідей бас қаланы тұрғызу оңай болмағаны рас. Бас қаламыз талай толғаныстар мен небір қиындықтар арқылы бой көтергенін еліміздің әрбір тұрғыны жақсы біледі. Мұның барлығы Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында жүзеге асқандығына да ел болып куә болып отырмыз. Бүгінде еліміздің жүрегі атанған Астана әлем елдерінің ортасынан ойып тұрып өз орнын алған көрікті шаһар. Бас қалада орналасқан әрбір ғимарат қала көркіне ерекше сән береді. Ал, жыл сайын салынып жатқан жаңа ғимараттар Елорданы одан әрі көріктендіріп, ажарын айшықтай түсуде.
Асқақтаған Астана! Еңселі Елорда! Көрікті шаһар! Міне, біз бүгінде осындай терминдерді құрметпен, асқан ұлтшылдық сезіммен, мақтанышпен айта аламыз. Бұл еліміздің санаулы жылдардағы жеткен үлкен жетістіктерінің бірі. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан бас қаламыз жасарып, жайнай берсін!
Ақмарал Хаметжанова.