Мерейлі мақтанышым
- Толығырақ
- Жарияланды 09.07.2018 05:19
- Автор: Super User
- Категория: Астанаға - 20 жыл
- Қаралды: 1701
Елбасымыз Н.Назарбаев: «Елордамыздың 20 жылдық мерекесін барлығымыз бірлесіп атап өтуіміз қажет. Бұл - елдің қуанышы» – деген болатын. Сол қуанышқа «Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ 2 «А» сынып оқушылары «Астана – мақтанышым» атты тәрбие сағатын өткізіп өз үлестерін қосты.
Оқушылар Астана жайлы өлеңдер оқып, әндер шырқады. Астана қаласына көрік беріп тұрған зәулім ғимараттардың әрқайсысын слайдтан көрсете отырып, тарихына тоқталды. Осы сәтті пайдаланып Астанаға қыдырып барған Сұлтан Айым, Ясын Қарақат және Рақымжан Бекзат ЭКСПО көрмесінде түскен суреттерін көрсете отырып, өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ ауыл және мектеп кітапханасы қорынан «Астана –ұлы дала елордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сынып жетекшісі Ғ.Майлыбаева мен музыкант Г.Джақсынқаева ұйымдастырған тәрбие сағаты «Есіл өзені» әніне дайындалған вальске ұласты.
Лена Сартбаева,
Лесновка ауылдық
кітапханасының кітапханашысы.