Бас қаламды асқақтатқан 20 жыл
- Толығырақ
- Жарияланды 09.07.2018 05:59
- Автор: Super User
- Категория: Астанаға - 20 жыл
- Қаралды: 1669
Әлемдегі ең жас астанамызға да биыл 20 жыл толып жатыр. Бас шаһарымыздың мерейлі мерекесіне орай еліміздегі барлық елді-мекендерде түрлі деңгейдегі ауқымды іс-шаралар көптеп атқарылып жатыр. Өйткені жас қаламыздың күні әлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналып үлгерді.
Астана – тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі. Халқымыздың жүрегі. Қазақ елінің мақтанышы. Бас қаламыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен аз уақыт аралығында бой көтеріп, әлем елдеріне танымал бола алды. Астананың ажары айшықталып, көркіне көз тоймас сұлулыққа бөленуі тарих үшін қас-қағым болатын 20 жылдың ішінде атқарылған қажырлы еңбектің жемісі деп білеміз.
Осы уақыт аралығында ерке Есілдің бойынан орын тепкен Елордамыздың төрінде ел мерейін үстем ететін қаншама игі істер атқарылып жатқандығына куә болып келеміз.
Шамалы артқа шегініс жасап, тарих беттеріне енген жылдарға көз салып қарайтын болсақ, кешегі Астана мен бүгінгі Астананы салыстыруға мүлдем келмейді десек те болады. Оның себебі, Елордамыздың жыл сайын, тіпті күн сайын қарышты дамып жатқандығы. Салынып жатқан зәулім ғимараттардың бүгінгі заман талабына сай және таңдалынған кескіндерінің ерекшеліктері көздің жауын аларлықтай.
«Астана» сөзі қазақ қолданысына араб тілінен ауысқан. Оның араб тіліндегі түпкі мағынасы «жұмаққа барар жолдағы табалдырық» дегенді білдірсе керек. Ал, өз ұлтымыздың қолданысында астана «байтақ ел, бақ қонған жер» деген мағынада қолданысқа енген. Бақ қонған киелі байтақ жеріміздің бүгінгідей ұлы мерекесі еліміздегі жүрегі ұлтым деп соққан әрбір азаматтың еңсесін тіктеп, патриоттық рухын көтеретініне сенімім мол. Кешегі қиын кезеңдерде Елордамызды Арқа төсіне көшірген көшбасшымыздың жасаған ұлы ерлігі, табандылығының нәтижесі бүгінде ақталды.
Ендеше, қысқа мерзім ішінде еліміздің символына айналған Астанамыз мәңгілік асқақтай берсін!
Ақмарал Хаметжанова.