Менің мерейлі мақтанышым

Астана – ұлан   ғайыр  еліміздің   бас  қаласы,  әлем  таныған   жас   қала. 1996 жылы  Ақмола  қаласын  астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі  күмәнді  оймен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым  күні  тәуелсіз  Қазақстан   жаңа  да  жас  қала – Астананың  атын бүкіл  әлемге  паш  етті.

 

                 «Басы қатты   болса,  аяғы   тәтті»  деген  дана  сөз бар. Халқымыз  Қазақ  елінің  болашағы   үшін   барын  шаша  еңбек   етті. Астана  дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады. Гүлденген   Астанамыз   түрленген   жас  қаламыз – елдік   пен тұтастықтың   ғажайып   үлгісі. Ару  Астанамыздың  көрсе көз тартар көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз.         

  1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына  ие болды. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі – Пирамидаға  тоқталсақ, оның ішін былай қойғанда сыртының  өзі ерекше  бір әлем. Онымен қоса бас  қаладағы  ең  ғажайып,  әсем мұнара - Бәйтерек. Тіршілік  иелеріне  тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды  білдіретін  алып   мұнара  еліміздің   символына  айналған.  Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ олар туралы әңгіме көп екені бәрімізге аян. Астанадай  ғаламат    қала   Қазақ   жерінің   мәңгілік    жерұйығына   айналды.       

     Астана өзге елдермен  терезесі тең, келешегі кемел, болашағы айқын және жұлдызы жарық  қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде   қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.

                Асқақтай  бер  Ару  қала-   Астана, Еліміз мәңгі  жасасын!

                        М.Сағымбек,

                        аудандық  Әділет

                       басқармасының    басшысы,

                      Қазақстан  Заңгерлер

                       одағының  мүшесі.

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net