«Мәңгілік елдің» жүрегі

Астананың  20 жылдығына орай аудан орталығындағы Мәдениет  үйінде  4 шілде күні салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қала тұрғындары мен ардагерлері, Мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты. «Мәңгілік  елдің жүрегі» атты салтанатты  шарада аудан әкімі Темірлан Бектасов сөз алып, барша тұрғындарды Астана күнімен құттықтады. Астананың бұрынғысы мен қазіргі келбеті жөнінде баяндады.  Мәңгілік елдің астанасы Елорданың жарқын көрінісін айтты.

 

                Сондай-ақ ауданымыздың экономикасы  мен мәдениетін арттыруға өзіндік үлес қосқан азаматтардың қатарындағы таңдаулыларына Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі  және аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары» тапсырылды.

                Салтанатты жиын барысында   еңбек  ардагері С.Темірбаева, Астана  қаласының құрдасы Е.Бондарева сөз алып, Мәңгілік елдің жүрегі болған Астанамыздың  гүлденіп, көркейе беруіне тілектес екендіктерін білдірді.

                 Астана қаласының 20 жылдығына орай  өткен салтанатты шара соңында «Жаркент әуендері» халықтық ән-би ансамблі, «Пәрвәз» ән-би ансамблі, «Айжанқыз» халықтық үлгілі би ансамблі, «Жаркент жұлдыздары» ансамбльдерінің концерттік бағдарламалары тамашаланды.

               Жұмағазы  Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net