Елдің төрі-Елорда

Жуырда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты ауданымыздың 74261 әскери бөлімінде,  десанттық шабуылдаушы әскерлерінің және әскери қалашық тұрғындары мен аталған әскери бөлімнің жанұя мүшелерінің қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шараға Жаркент гарнизонының әскери полиция бөлімінің бастығы, подполковник Бекзат Ахметов, тұрғын үй жинақ банкінің бөлім бастығы Мұрат Буегенов және  тұрғын үй жинақ банкінің менеджері Лаура Данабекова, аудандық пайдалану бөлімінің тұрғын үй бөлімшесінің бастығы Қанат Адилов пен аудандық пайдалану бөлімінің тұрғын үй бөлімінің қызметкері Гаухар Құсайынова қатысты.

 

                Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – бас қаламыз Астанамыздың 20-жылдық мерейтойын атап өту және бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасыларымен тілдесу және тұрмыс жағдайларын білу болып табылады.

                Мерекелік шара үш кезең бойынша өткізілді. Атап айтқанда, бірінші, әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету  туралы бағдарламаны шараға қатысқан қауымға хабарлап жеткізді. Екінші, шараға қатысқан қонақтардың мазалап жүрген сұрақтары бойынша жабық сауалнама өткізілді. Үшінші кезең, Елордамыздың торқалы тойын атап өту үшін 74261 әскери бөлімінің көркемөнерпаздар ұйымының концертімен жалғасып, кеш көркін қыздырды.

                Салтанатты шара барысында 74261 әскери бөлімінің командирі полковник С.Сәрсенов және Жаркент гарнизонының әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Б.Ахметов, сондай-ақ, 74261 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Мақсат Кунчаев сөз алып, егеменді еліміздің жүрегіне айналған Астана күнімен барша қонақтарды құттықтап, мемлекетіміздің көркейе беруін және барша отбасылардың амандығына тілектес екендіктерін жеткізді.

М.Кунчаев,

74261 әскери бөлім командирінің

тәрбие және идеологиялық

жұмыс жөніндегі орынбасары, майор.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net