Армандар қаласы

Биылғы жылдың ең елеулі оқиғаларының бірі еліміздің жүрегі әсем Астананың 20 жылдық мерейлі мерекесін атап өту барысында 5-ші шілде күні балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Ибраимова және аудандық кітапхананың кітапханашылары Г.Абделдаева  мен  Ж.Скакова  мәдени іс-шаралар топтамасымен "Қарлығаш" спорттық- сауықтыру және демалыс лагеріне 200 бала барып демалып қайтты.

 

Лагерде демалып жатқан балалармен "Астана - армандар қаласы" атты әдеби-сазды композицияда балаларымыз арман еткен төл тәуелсіздігіміздің туындысындай болған бас қаламыздың өсіп өркендеуі, әсем де сұлу кескін-келбеті, байтақ өңірдің көк байрағын көкке желбіретер игілікті істердің оң шешімін орындатар орталыққа айналғандығы тілге тиек етілді. Сондай-ақ Еуразияның жүрегі атанған сұлу шаһардың Сарыарқа төрінен орын алуының, оның қарқындап дамуының, бұл қаланың күллі әлем елдеріне танылуының, сұлулық пен даналықты ұштастырған қалаға айналуының басында Елбасы тұрғандығы жайында да сөз болды.

                Шара барысында балалардың Астана жайлы ойларын білу мақсатында "Менің Астанам" атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Соңында "Астанаға 20 жыл" атты кітап көрмесіндегі кітаптар мен баспасөз материалдарына ұсыныс-дайжест жасалынды.

                Шараға  "Қарлығаш" спорттық-сауықтыру  және  демалыс  лагерінің 3-ші ауысымына  жауапты Х.Хамраев атындағы орта мектептің директоры З.Машурова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Асанова,  педагог-ұйымдастырушы А.Садырова, аға тәлімгер Ш.Саитов, музыкант  Ә.Әріпжан  қатысты.                                                                                        Г.Ибраимова,

балалар

кітапханасының

 меңгерушісі.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net