Мүдде бір, тәртіп ортақ

http://turizm-hit.ru/

                 2016 жылдың 6 сәуірінде мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, тоқтату, токтата тұру және жариялау тәртібімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

 

                Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы  Заңының  50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуінің тәртібін айқындайды.

                Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан    Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау (бұдан әрі – құқық нормасындағы кемшіліктер), сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

Құқықтық мониторинг объектісі мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдардың актілері);

5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері) болады.

Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар.

Д.Талипова,

аудандық Әділет

басқармасының

мұрағатшысы.