«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ - БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

02.11.2018 жыл

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген болатын. 

 

Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын ойлайтын әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін  «Мәңгілік Ел»  идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялауымен ерекше бағалы.

                Біз бір атаның - қазақ халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы.

                Тәуелсіз елдің өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенім білдіруіміз керек. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз.

А.Болатбекова,

 «Алматы облысының

мемлекеттік   архиві» КММ  

Панфилов  филиалының

архивисті.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net