ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

      Тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев  тұңғыш   рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан  халқының  жауапты  таңдауы еді. Шын    мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындағанын  көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік  Республикасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал жаңа  атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының  заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда  қабылданды. Осы заң негізінде  еліміз өзінің  Тәуелсіздігін жария етті.

       Заңның бірінші тарауында: «Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол барлық  мемлекеттермен өзара қатынасын  халықаралық  құқық принциптері  бойынша құрады. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа  мемлекеттердің  тануы үшін  Қазақстан Республикасы ашық»,- делінген. Содан бергі  27 жылда елдің іргесі   сөгілген жоқ. Ұлтаралық  татулыққа  селкеу  түспеді. Шындығы сол, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды  қабылдау  жаңа тәуелсіз  мемлекетіміздің  шынайы егемендігінің бастауы болды.Тыңнан түрен салған Казақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады.

    Қазақстанды 27 жылға жуық басқарған Н.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық.

    Ендеше Тұңғыш Президент  күні  құтты  болсын!

Марат  Сағымбек,

аудандық Әділет  басқармасының басшысы,

Қазақстанның заңгерлер одағының  мүшесі.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net