Тәңір сыйы
- Толығырақ
- Жарияланды 14.12.2018 05:02
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1592
Азат елдің азаматы болып туған күллі қазақта арман бар ма?! Алаш туының астында азаттықтың ақ таңы атқалы да көп жылдар өтіпті. Егемендік алып, ес жиғалы бері жеткен жетістік пен жеңісте есеп жоқ. Бағындырар биігіміз бен алар асуымыз әлі көп.
Тәуелсіздік қазаққа қанмен, жанмен келген қасиетті де киелі ұғым. Қадіріне жеткендер күнде тәубе деуден жалыққан емес. Көк аспанның астында көк тудың күнделікті желбірегенін көріп жүрген бізде арман жоқ.
Тарихтың тереңіне көз салар болсақ, еңселі ел болуды ертеден-ақ ойлаған. Бүгінгі күнге мың шүкір! Расында да, Елбасы ел тілегіне құлақ асып, бейбіт өмір кешуіміз – бүгінгі күннің басты жетістігі. Азаттықтың арқасында үлкен мемлекеттермен иық тіресіп, жер шарына "Қазақстан" деген есіммен танылдық. Ұлан-ғайыр жеріміз әлем картасынан кім-кімді болса да алаңдатары сөзсіз. Алты құрлыққа атымыз мәлім. Тәуелсіздік – тәңір сыйы.
Қазақтың басты байлығы да – бостандық. Бодандықтан босап, бәсекеге қабілетімізді арттырдық. Бәйгеде топ жарып жүрміз. Жарыстан жүлдесіз қайтпадық. Әлемнің қақ төрінде әнұранымыз шырқалды. Осыдан асқан бақыт бар ма?! Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін біз секілді жастар қауымы байрақты төмен түсірмесі анық. Ата-бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатыр.
Тәңірден келген тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау өз қолымызда. Ендеше, көк Туды желбіретейік!
Ж.Сәдуақасова,
Қорғаныс істері
бөлімінің қызметкері.