Жүрекке жылу құятын шаңырақ
- Толығырақ
- Жарияланды 01.03.2019 05:02
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1453
01.03.2019ж
«Нұр Отан» - екі ғана сөзден құралған, ешқашан қайталанбайтын мағынасы биік есім. «Нұр Отан» - армандардың орындалатын, тілектердің қабылданатын мекені. «Нұр Отан» - көзге қуаныш, кеудеге сенім, жүрекке үміт ұялататын шаңырақ.
Ел үшін аянбай еңбек ететін партияның, туған күні келді. Ол туған күн барша қазақтың қуанышы. Бас иетін бір басшысы бар, қасиетін жоғалтпайтын халқы, өсиетін дәріптейтін ұрпағы барда, НҰРдан басталған есім 20 ның том-том жалғасын жасарына сеніміміз мол. Таң қылып жүретін басқаны, жандырып жүретін жастар барда, ән қылып тойлайтын тойымыз, заңды ғып жасайтын ісіміз, жаңғырып шығатын үніміз, мәңгілік желбірер туымыздың болары анық.
«Нұр Отан» барда ана мен бала жыламайтын, басқадан көмек сұрамайтын, жемқор, алдамшы, әділетсіз істер ұнамайтын, адалдықтың ақ туы құламайтын заман болатынына сенімдімін. «Нұр Отан» жаңа жасыңмен, біз сенімен біргеміз.
Динара Саудабаева,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының есеп және
статистика секторының меңгерушісі.