Еліміздің әлеуметтік әл-ауқатының кепілі

01.03.2019ж

2019 жыл - «Нұр Отан» партиясы үшін айрықша маңызды жыл. 2019 жылдың 1 наурызында біздің партиямызға 20 жыл толады, сондықтан бұл барлығымыз үшін атаулы дата.

     Біздің партияның тарихы Кеңес Одағының ыдырауымен келген, ел үшін қиын әрі күрделі экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайлардағы кезеңнен басталады. Осы кезеңде еліміздің жаңа сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделу үрдісі басталды.

    Осыған дейін Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын алға тарта отырып, Мемлекет басшысы халыққа алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың нақты бағдарламасын ұсынды.
Осы жылдар ішінде партия өзінің қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жеңістерге жетелеген қиын жолдардан өтті, соған қарамастан елдің жетекші саяси күшіне айналды. Жалпыұлттық Көшбасшының партиясы және елдің ең бұқаралық және ықпалды саяси күші ретінде қалыптасты.
Партияның негізін қалаушы – Елбасы саясатының арқасында Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан қолайлы қоғам мен демократиялық мемлекет құрды.
Біз бір жерде тұрған жоқпыз, дамыдық және елеулі нәтижелерге қол жеткіздік.
Партияны ел халқының көпшілігі қолдайды – 2016 жылғы парламенттік сайлауда халықтың 82%-ы «Нұр Отан» үшін дауыс берді. «Нұр Отан» Қазақстанның стратегиялық бағытын жүзеге асыру төңірегінде халықтың бірігуінің өзегі болды.
     «Нұр Отан» партиясы еліміздің Президенті, біздің партиямыздың Төрағасы бастамашылық жасаған барлық стратегиялық бағдарламаларды іске асыруға белсене қатысатын болады.

Алдағы онжылдықтағы біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту.
Біздің көзқарасымыз, адам кез келген мемлекеттің, қоғамның немесе ұйымның дамуында басты рөл атқарады. Өйткені адам, барлық жетістіктердің негізінде тұрады, оның әл-ауқаты қазіргі мемлекеттің басты мақсаты болып табылады.
Партия, елдегі жетекші саяси күш ретінде, өзінің негізгі күш-жігерін алдағы онжылдықтың 10 басты мақсатына қол жеткізуге бағыттайды.
Бірінші мақсатымыз: белсенді әлеуметтік саясатқа көшу.
Біздің еліміз әрдайым стратегиялық ойлаумен ерекшеленді. Дегенмен, партия мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетумен ғана емес, сондай-ақ барлық қазақстандықтардың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасауға бағытталатын тиімді және әділ әлеуметтік саясатты іске асыруды қолдайды.

Отбасыларды қолдауды арттыру.
-Ата-аналарға қаржылай қолдау көрсету деңгейін арттыру. Көп балалы отбасыларды қолдауды күшейту, олар біздің мемлекетіміздің тұрақты қамқорлығын сезінуі тиіс.
-Жұмыс істейтін жас ата-аналарға көмектесу. Біз 3 жасқа толмаған балаларға арналған даму орталықтарының санын ұлғайтуға қол жеткізетін боламыз.
Жекелеген шаралар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс.
Біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз.
Сондай-ақ, партия зейнеткерлер мен әлеуметтік осал адамдарды қолдауды күшейтетін болады.
-Базалық зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшерін ұлғайту
Соңғысы, жұмыспен қамту мәселелері.
Еңбек лайықты төленуі тиіс, ал жұмыспен уақытша қиындықтар азаматтарымыздың материалдық әл-ауқатының деңгейіне елеулі әсер етпеуі тиіс.
Екінші мақсат: Әркімге қолжетімді болашақ білімді қамтамасыз ету
Әлемде бүгін таяудағы 10 жылда білім беру жүйесінің сұлбасын анықтайтын бірнеше үрдістер байқалуда.
-Қолданбалы білімнің рөлі өсуде. Адамнан бүгінгі күні түрлі жағдайларда қолдана алатын білім талап етіледі, өйткені әлем тез өзгеруде.
-Қарқынды технологиялық және ғылыми өзгерістер нәтижесінде болашақ мамандықтарының пайда болуы.Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай әлемде заманауи мамандықтардың 85%-ы өзінің өзектілігі мен қажеттілігін жоғалтады.
-Ақпараттық технологиялардың әсері. Әлемде өмір бойы үздіксіз білім беретін онлайн оқытудың қарқынды дамуы орын алады. Үлкен деректерді талдау, жасанды интеллект және т.б. жаңа буын білімдерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы мақсатта партия қазақстандықтардың жаңа инновациялық буынын дайындаумен жұмыс істейді.
Біз білім беру жүйесіне үздік мамандарды тарту бойынша жұмыс істейтін боламыз.
Қазақстандық білім беруді әлемдік деңгейге шығару үшін педагогтардың жұмыс жағдайы мен олардың мәртебесін түбегейлі жақсарту қажет.
Партия білім беру инфрақұрылымын дамытатын болады
Үшінші мақсат – Дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру
-Бұл үшін партия отандық медицинаға үздік мамандарды тарту бойынша жұмыс істейтін болады.
-Партия денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және емдеу сапасын арттыруға ниетті.
-Партия дені сау ұлттың қалыптасуын қолдайды.
Төртінші мақсат жалпыға ортақ игілік мақсатында экономиканың өсуі болып табылады.
Біздің бағдарымыз – ЖІӨ көрсеткішінің өсуі ғана емес, экономиканың барлық секторлары бойынша біркелкі таралған және халықтың көпшілігіне пайда беретін жоғары және тұрақты экономикалық өсу.
Партия макроэкономикалық тұрақтылық пен төмен инфляцияны болуын және отандық экономиканы технологиялық жаңғырту мен цифрландыруды қолдайды.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің сапалы дамуы үшін жағдай жасау.
Партия тұрақты қаржы секторын қолдайды.
Орнықты қаржы секторы, банк жүйесі және нарықтың басқа да құралдары азаматтар мен бизнестің өз жинақтарын сақтауда және көбейтуде, қолжетімді және қымбат емес кредиттер алуда мүмкіндіктермен қамтамасыз етуі тиіс.
Егер қаржы секторы экономиканың қан тамырлар жүйесі болса, бизнес экономикалық жүйеге қан береді. Сондықтан бесінші мақсат болып: қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау табылады.
Бесінші мақсат - партия Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауды өз мақсаты ретінде көреді. Бұл үшін партия мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын төмендету бойынша жұмыс істейтін болады.
Партия бизнесті мемлекеттік қолдау қағидаттарын жақсартумен жұмыс істейтін болады.
Бұл саладағы ашықтық – біздің басымдығымыз
Партия бизнес үшін несиелендірудің қолжетімділігін арттыруға ниетті.
Кез келген бизнесті дамыту үшін қаражат қажет
Алтыншы мақсат: Азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау.
Партия қазақстандықтардың сапалы баспанасы болуын қолдайды.
Жол құрылысын ұлғайту және қалалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс істейтін болады.
-Таза экологиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша жұмыс істейтін болады.
Жетінші мақсат - Азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру.
Партия мемлекеттің негізгі функцияларын орындауға – өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Партия елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін бар күш-жігерін жұмсайтын болады.
Партия саяси жүйенің нығаюы мен эволюциялық дамуы бағытын жалғастыратын болады.
Сегізінші мақсат: Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру.
Партия Елбасы айқындаған жаңғырту құндылықтарын қоғамда белсенді ілгерілетуге ниетті.
Партия Қазақстанда үйлесімді қоғамдық қатынастар құруға белсенді қатысатын болады.
Партия негізгі және тең құқылы серіктестердің бірі ретінде, үкіметтік емес сектормен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын болады.
Тоғызыншы мақсат: Жастарды қолдау – үлкен мүмкіндіктер алаңы.
Партия жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға ниетті.
Партия жастардың әлеуетін дамыту, жастар арасында патриотизм деңгейін арттыру бойынша жұмыс істейтін болады.
Партия мемлекеттік жастар саясатының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға қол жеткізуге ниетті.
Оныншы мақсат: «Нұр Отан» партиясының ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін қамтамасыз ету.
Партия жұмыстың барлық бағыттарын кешенді жаңғырту үдерісі арқылы партия ішіндегі қызметті маңызды түрлендіруді іске асырады. Жаңғырту, ең алдымен, қазіргі заманғы трендтерге бейімделуге және партия қызметінде жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған.
Ол үшін біз:
-Нақты істердің партиясы ретінде әрекет ету.
-Кадрлық саясатты жетілдіру.
-Ішкі партиялық бақылауды күшейту.
-Қазіргі және технологиялық саяси институтқа ауысу процесін жүзеге асыру.
-Партияның стратегиялық әлеуетін арттыру
-Партиялық білім берудің көп деңгейлі жүйесін құруымыз қажет.
«Нұр Отан» ұзақ мерзімді перспективада көшбасшы-партия мәртебесін берік сақтап қалуға ниетті.
«Нұр Отан» партиясы – еліміздің әлеуметтік әл-ауқатының кепілі!
              Қанат Досмайлов,
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Күнтізбе

« Наурыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net