Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз

22.03.2019Ж

Дәл осы тақырыпта Жаркент   көпсалалы   колледжінде  әр   дүйсенбі күндері   сынып   сағаттары тұрақты түрде болып өтеді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге баулып, олардың рухани кемелденуі жолында Ғ.Ернебаева, А.Мүлкібаева, Г.Нүсіпқожаева сынды колледж оқытушылары аянбай еңбек етіп келеді.

     Жоғарыда аталып өткен сынып сағаттарының өз деңгейінде өтуіне осы оқытушылар үлес қосуда. Бұл   біздің    колледжіміздің   студенттерін   мемлекеттік рәміздерімізді  қастерлеп, рухани   байлығын   арттыруға, мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінікте болуға тиісті  екенін  ұғындыруға бағытталған.

    Мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.   Еліміздің    көк   байрағы   желбіреп,   ашық   аспан   астында   бейбіт   өмір   сүруіміздің  өзі бір   ғанибет   екенін    айта  кеткенімізді де    жөн   көріп отырмыз.  

    Елімізді,  жерімізді  құрметтесек    біздің  еліміз   әлемге   әлі  де   танылып,   өркениетті   елдердің алдыңғы қатарына шығары анық. Осы тұрғыда   ұрпақты  өз   Отанын,   елін,   рәміздерін   құрметтеуге   тәрбиелеу - біздің  басты мақсатымыз.

 

Жаркент   көпсалалы колледжі.

Күнтізбе

« Шілде 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net