Есімі ел есінен өшпек емес

29.03.2019ж


Өткен аптада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына үндеу жариялаған болатын.

Өз өкілеттігін тоқтататыны жайлы үндеуін барша қазақ елі үлкен тебіреніспен қабылдағаны анық... Және қорқыныш пен мақтаныш сезімі де талай жанның жанарына жас алдырған да болар.

 

30 жыл. Айтуға аз уақыт болғанымен, тарих үшін өте ауқымды кезең. Осы 30 жыл ішінде мемлекетімізде айтарлықтай өзгерістер де орын алғанын, еліміздің экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайының жақсарып, елімізді барша әлем мемлекеттері танығандығын мойындау керек. Бодандықтың ауыр азабын тартқан елге басшылыққа келіп, оның шекарасын нақтылап, Астанамыздың жандануына, елді-мекендердің өркендеуіне, көпұлтты Қазақстан халқының ынтымағын сақтап, аз ғана уақыттың ішінде әлемнің озық елдерімен тереземізді теңестіргенін   қазақ елі  ешқашан  ұмытпақ  емес.

          Сонымен қатар, Елордамыз Астана қаласы бой көтеріп, бүгінде көркі көздің жауын аларлықтай құлпырды. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, оның жігерлі қайсарлығының жемісі деп білеміз.

          Қазақтың көшін сүйреп, жолын бастаған Нұрсұлтан Назарбаевты елі үшін туған азамат деп айтуға толық негіз бар. Ендеше, кемел келешекке жол ашып, мақсатымызды айқындап, жүрер жолымызды нақтылап берген, Мемлекет басшысы атағын абыройлы атқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбектеріне мың алғыс. Астана қаласының Нұр-сұлтан деп аталуы да жастарымыздан  кең қолдау тауып отыр.

Жансая Кенжебек,

білім және ғылым қызметкерлері аудандық  кәсіподақ  комитетінің маманы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4125215