Көшбасшы партияның болашағы жарқын

29.03.2019ж

Елміздің Тұңғыш Президенті жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы -қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, дамудың серпінді жолын таңдаған мемлекетіміздің жаңаша сипатын қалыптастыруға атсалысып келе жатқан  заманауи партия.

     2019 жыл «Нұр Отан» партиясы үшін айрықша маңызды жыл. 2019 жылдың 1 наурызында біздің  партиямызға 20 жыл толды.

 Тұңғыш   Президентіміз  жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы еліміздегі қоғамды ұйымдастыратын көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де өзіндік жолы, бағыт-бағдары айқын саяси күш. Біздің еліміз бүгінгі күні іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы күннен -күнге,жаңашылдыққа ұмтылып инновациялық-индустриалды бағытта дамыған мемлекетке айналып келеді. «Нұр Отан» еліміздің барлық аймақтарында қанатын жайған, қатары көп, халықтың зор сеніміне ие болған жетекші партия ретінде жарқын істердің жаршысы әрі дем берушісі болып келеді.

    «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңімен сабақтасып, қоғамның барлық саласында уақыт ағымына сай модернизациялау, экономикалық және  технологиялық, саяси, әлеуметтік және рухани жаңғыру үдерісімен үндесуі көптеген игі істерге серпін берері анық.

  Динара Байдаулетова,

Үлкеншыған ауылдық округі  БПҰ-ның мүшесі.

 

 

Күнтізбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net